Өңірлер

Қызылордада құтқарушылар тұрғын үйден екі адамның мәйітін тапты

© Photo : Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіҚызылордада өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды
Қызылордада өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Құтқарушылар отты қолдану кезінде абайсыздық таныту өртке себеп болған деген болжам жасап отыр

ҚЫЗЫЛОРДА, 22 қараша – Sputnik. Қызылорда қаласында өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға Қызылорда қаласының Бейімбет Майлин көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, 21 қараша күні шамамен сағат 17:43-те үйдің едені өртенген. Салдарынан екі адам иіс тиіп қайтыс болған. Бұл жерге өрт сөндіру қызметінің мамандары да шақырылмапты.

"Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі 1966 жылғы үй қожайыны болса, екінші адам оған қонаққа келген 1990 жылғы тұрғын. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің мамандары шақырылған жоқ. Алдын ала жасалған болжам бойынша негізгі себеп – отты абайсызда қолдану", – дейді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына департаменттен 3 қызметкер техникамен барды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0