Өңірлер

"Ысырапшылдық": Павлодарда жаңа жылды тойлауға бөлінген қаржы тұрғындар талқысына түсті

© Sputnik / Владислав ВодневНовогоднее оформление города Нур-Султан
Новогоднее оформление города Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2021
Жазылу
Қала әкімдігі жаңа жылға дайындықты ерте сәуірден бастапты. Содан бері екі рет конкурс жариялап үлгерген

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Павлодар қаласында биыл жаңа жыл мерекесін тойлауға 80 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Мемлекеттік сатып алу порталында екі бірдей лот жарияланған. Бұған қаланы түрлі диодты шамдармен әрлеп, шыршаны безендіру қарастырылған.

Қала әкімдігі жаңа жылға дайындықты ерте сәуірден бастапты. Содан бері екі рет конкурс жариялап үлгерген. 

"Павлодарды жаңа жыл қарсаңында жарық диоды шамдармен безендіруге 58 млн 240 мың теңге бөлінді. Бұған қаладағы саябақтар, скверлер, орталық жағалау алаңы, көшелер мен ғимараттардың қасбеті жарықтандырылатын болады. Бұдан бөлек 3 шыршаны әсемдеуге 16 млн. 600 мың теңге бөлінді", - дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.

Ал тұрғындар мұны қомақты қаржыны босқа шашу деп санайды. Мемлекет қаржысын ысырап еткенше, оны пайдалы шаруаға жұмсау қажет деп санайды.

"Ысырапшылдықтың бір түрі. Осы ақшаға көп пайда келтіруге болады халыққа". "80 миллион деген көп ақша. Оданда коронавируспен ауырып жатқан балаларға көмектескен артық". "Трамвай жақсы жүргенмен автобустардың саны аз ғой. Сол себепті автобустың санын көбейтуге болады. Қыс кезінде халыққа өте пайдалы. Автобус жылдам келсе, аялдамада көп тұрмайсың өте жақсы болушы еді" дейді тұрғындар блиц-сауалнама кезінде.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0