Өңірлер

Оралда белгісіз біреу Франкфурттен келген ұшаққа "мина қойған"

© Sputnik / Абзал КалиевПатрульные полицейские машины готовятся выехать на дежурство
Патрульные полицейские машины готовятся выехать на дежурство - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Полиция ұшақтың миналанғаны туралы жалған ақпарат берілгенін растады. Тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Орал әуежайында белгісіз біреу Франкфурттен ұшып келген ұшаққа "мина қойған".

Оқиға 17 қараша күні кешке болған. Әуежай Франкфурт - Орал рейсінің кешігетінін хабарлаған, деп жазды "Мой город" порталы.

"Әуежайда әуел бастан болдым. Бәрі көз алдымда басталды. Полиция қызметкері әбігерге түсті, шекарашылар, содан кейін жедел уәкілдер келді, сәл кейінірек камуфляж киген қаруланған адамдар, содан соң брондалған көлікпен әскерилер келіп жетті. Полицейлер екінші қабаттан бірінші қабатқа түсуді, сосын далаға шығуды, ал кейінірек қауіпсіз қашықтыққа кетуді сұрады", - деді оқиға куәгері.

ІІМ көліктегі полиция департаменті мина қойылғаны туралы жалған ақпарат түскенін растады. Ведомство бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы әдейі жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0