Өңірлер

"Қызыл" аймақта елдің екі облысы ғана қалды

© Sputnik / Владислав ВодневБайтерек, виды Нур-Султана
Байтерек, виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес елдің басым өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанда 17 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметі бойынша, елдің екі облысы ғана "қызыл" аймақта тұр.

"Қызыл" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0