Өңірлер

Қарағандыда кондуктор жолаушыларға пышақпен тап берді – видео

© Sputnik / Абзал КалиевВиды города Караганда
Виды города Караганда - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Ауыр сырқаты бар ер адамның мұндай қызметке қалай орналасқанын автопарк басшылығы анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша — Sputnik. Қарағандыда кондуктор жолаушыларға пышақ сілтеп, әрекетімен адамдарды үрейлендірген.

Видео №146 автобуста түсірілді.

Оқиға 15 қарашада болған, деп жазды ekaraganda.kz.

"Бұл сағат 12 шамасында, біз Абайдан Қарағандыға бара жатқан жолда болды. Кондуктор шу шығарған кезде автобус Ақтасқа жақын маңда тоқтады. Ол өзін-өзі белдікпен буындырмақ болды. Эпилепсия ұстамасы басталған екен. Кондуктор қолына арқан алып, далаға кетті де, біраздан кейін қайта келіп, көліктен пышақ алып, оны салон ішінде жүріп жан-жаққа сілтей бастады. Ешкімді жаралаған жоқ. Жолаушылар басқа автобусқа мініп кетіп қалды", - деп жазды куәгер.

Қарағандыдағы №3 автопарк мәліметінше, осы оқиғадан кейін кондуктор жұмыстан шеттетілді. Ол жұмыстан босатылуы мүмкін. Ауыр сырқаты бар ер адамның мұндай қызметке қалай орналасқанын автопарк басшылығы анықтап жатыр.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жағдай бойынша арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0