Өңірлер

Қазақстан халқы қашан толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

© Public DomainПитьевая вода
Питьевая вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші төмен

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Қазақстан үкіметі 2025 жылдың соңына дейін халықты ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет отырысында Мамин ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету мәселесіне тоқталды.

"Біздің алдымызда 2025 жылдың соңына дейін халықты таза ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету міндеті тұр", - деді премьер.

Айтуынша, осы жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқы ауыз сумен 91,8%, қала тұрғындары 98% қамтылады.

Сонымен қатар, қалған ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.

Мамин ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші төмен өңірлерге жұмысты жандандырып, келесі жылы орташа республикалық деңгейге қол жеткізуді тапсырды. Олар Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары.

Бұған қоса ол саланы автоматтандыру және инновациялық технологияларды енгізу жұмысын тездету қажет екенін айтты.

"Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында өндірістік процестерді автоматтандыру және есептеу аспаптарын орнату есебінен, тұрғындардың елеулі қаражаты үнемделіп, су шығыны мен қызмет көрсету шығындары азайды. Осындай тәсілдерді елдің басқа өңірлерінде де қолдану қажет", - деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ Мамин уәкілетті органдарға су тарифі саясатын жетілдіруді, елді мекендерді сумен жабдықтаудың интерактивті картасын жаңартып, тұтынушылармен кері байланыс функциясын қосуды тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0