Өңірлер

Алматыда автобус терезесін сындырған жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинАяулым Бекеткызы - водитель алматинского автобуса маршрута №73
Аяулым Бекеткызы - водитель алматинского автобуса маршрута №73 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Жүргізушінің айтуынша, бір ай ішінде белгісіз біреулер 25-ші бағыттағы бес қоғамдық көліктің терезелерін сындырған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Алматыда автобус терезелерін сындырған жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Еске сала кетейік, автокәсіпорын басшысы Алматы қаласы Алатау ауданының полиция басқармасына бұзақылық әрекеттер жасағаны туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, бір ай ішінде белгісіз біреулер 25-ші бағыттағы бес қоғамдық көліктің терезелерін сындырған.

"Тексеру іс-шаралары барысында бұзақылар анықталды. Олар қала мектептерінің бірінің 7-9-сынып оқушылары болып шықты. Біздің ауданда тұрады. Олардың ата-аналары балалардың заңсыз әрекеттері үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 435 бабы - кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық бойынша жауапқа тартылды. Бұл баптың санкциясы 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды қарастырады", - деп хабарлады, Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, балалар ювеналды полицияның есебіне қойылды. Жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндірме әңгіме жүргізілді.

"Мені Алатау ауданының полиция басқармасына шақырды. Біздің автобустардың әйнегін сындырған бұзақылар ұсталды. Полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді", - деп нақтылады өз кезегінде, автокөлік компаниясының өкілі.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0