Өңірлер

Қазақстандықтар көпқабатты үйдің шатырында тауық қора ашқан отбасыға ақша жинады

© Photo : СС0 / congerdesignЦыплята
Цыплята - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Көпбалалы отбасыға жаңа үй сатып алу үшін қазақстандықтар сегіз миллион теңгеден астам қаражат жинады

АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Көпқабатты үйдің шатырында тауық қора салған ақтаулық көпбалалы әкеге қазақстандықтар бірнеше күннің ішінде өз үйін сатып алу үшін ақша жинады. Бұл туралы қазақстандық журналист Динара Сәтжан хабарлады.

Бұған дейін ер адам алты баласын асырау үшін тұрғын үйдің шатырында тауық пен қоян асырағаны хабарланды. Көптеген жергілікті тұрғын Руслан Тниевті қолдап, оған көмектесті. Алайда арасында таңертең қораз дауысынан оянуға қарсы болғандар полицияға хабарлаған. Содан кейін отбасыға әкімшілік кодекстің 408-бабы бойынша 65 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Содан кейін отбасы тауық пен қояндарын саяжайы бар таныстарына беруге мәжбүр болды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бұл туралы ақпарат тарағаннан кейін адамдар көпбалалы отбасыға үй алып беру үшін ақша жинады. Отбасының емін-еркін шаруашылықпен айналысуына жағдай жасағысы келді.

Ақшаның қалай жиналғанын Динара Сәтжан Instagram парақшасында жазды.

"Менің жазбама алматылық кәсіпкер @syrymbek_tau "ақша жинап, отбасы тауық асырап, басқа да шаруашылықпен айналысуы үшін үй алып берейік" деген пікір қалдырды. Мен қолдадым", - деп жазды Сәтжан.

Келесі күні Ақтауда болған Динара Сәтжанның әріптесі көпбалалы отбасыға барып, өз қоры арқылы қаражат жинауды бастады.

"Қазірдің өзінде 8 миллион теңге жиналды. Мен қазір 500 мың жіберемін. Біздің әрқайсымызда кез келген сомада көмектесу мүмкіндігі бар. Келесі аптада біз отбасыға Ақтаудан үй сыйлай аламыз!", - деді Сәтжан.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0