Өңірлер

Көлік қақ бөлінген: Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды – фото

© Sputnik / Абзал КалиевВрач в защитной маске едет в машине скорой помощи
Врач в защитной маске едет в машине скорой помощи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Рөлде болған 70 жастағы ер адам жолдың қарсы бетіне шығып, Volkswagen-мен бетпе-бет соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Павлодар – Успенка тас жолында болған жол апатында екі адам қайтыс болды, тағы үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде тараған фотоларға қарағанда бір көлік екіге қақ бөлініп қалған. Ол – ВАЗ маркалы көлік. Рөлде болған 70 жастағы ер адам жолдың қарсы бетіне шығып, Volkswagen-мен бетпе-бет соқтығысқан. ВАЗ жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

Успенка аудандық ауруханасына тағы екі адам жеткізілді. 19 жастағы қыз бастан жарақат алған. Бұдан бөлек, миы шайқалып, мойны зақымданған.

"Ал 49 жастағы ер адамның екі жақтан 5-8 қабырғасы сынды. Травматикалық шок болды. Кеуде тұсынан жарақат алған тағы 30 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді",- дейді дәрігерлер.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0