Өңірлер

Түркістанда "Қылует" рухани орталығының іргетасы қаланды – фото

© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіТүркістанда "Қылует" рухани орталығының іргетасы қаланды
Түркістанда Қылует рухани орталығының іргетасы қаланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Мешіттің құрылысына Қазақстан мен түркі әлеміне танымал кәсіпкерлер демеушілік жасайды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Түркістанда "Қылует" рухани орталығының іргетасы қаланды. Сәулеті ерекше нысанның ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, дін өкілдері, кәсіпкерлер мен облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіТүркістанда "Қылует" рухани орталығының іргетасы қаланды
Түркістанда Қылует рухани орталығының іргетасы қаланды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Түркістанда "Қылует" рухани орталығының іргетасы қаланды

"Бүгін іргетасы қаланған орталық ашылған соң облысымыздың руханиятына оң серпін береді деп ойлаймын. Бұл орталық кәсіпкерлердің және жалпы халықтың қаржылай қолдауымен салынады. Арнайы есепшот жарияланып, оған кез келген адам үлес қоса алады. Менің ойымша, Түркістандағы мешітті салуда менің де кішкентай үлесім бар деген сезім азаматтарға жігер береді. Игі бастамаға қолдау білдіріп жатқан азаматтарға алғысымыз мол", – деді облыс әкімі.

© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіМешіт аумағында заманауи оқу орны – медресе, яғни, қарилар дайындау орталығы да бой көтереді
Түркістанда Қылует рухани орталығының іргетасы қаланды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Мешіт аумағында заманауи оқу орны – медресе, яғни, қарилар дайындау орталығы да бой көтереді

Мешіттің құрылысына Қазақстан мен түркі әлеміне танымал кәсіпкерлер демеушілік жасайды.

0,86 гектар аумақта орналасқан рухани орталықтың көлемі – 2300 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары биыл қазан айында басталған. 2022 жылы ел игілігіне беріледі. Жерасты мешітінің қасынан бой көтеретін медресенің аумағы – 1282,8 шаршы метр. Қарилар мен болашақ дін ғұламаларын даярлайтын медресе де 2022 жылы тапсырылады.

© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіТүркістанда XIX ғасырдың екінші жартысында (1864-1865 жж.) салынған "Қылует" мешіті болған
Түркістанда Қылует рухани орталығының іргетасы қаланды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Түркістанда XIX ғасырдың екінші жартысында (1864-1865 жж.) салынған "Қылует" мешіті болған

Бұл мешіттің тарихы тереңде жатыр. Түркістанда XIX ғасырдың екінші жартысында (1864-1865 жж.) салынған "Қылует" мешіті болған. Мешіт ғимараты 1960 жылы бұзылып, орнына бір күмбезді жаңа мешіт бой көтерген.

Кейін келушілердің көбеюіне байланысты 1980 жылы толық сүріліп, қайта салынған. 2020 жылы мешіт жарамсыз деп танылып, бұзылған. Қазіргі таңда мешіттің Түркістан қаласы үшін тарихи маңыздылығы ескеріле отырып, 500 адамға лайықталып, қайта салу жұмысы басталды.

Сондай-ақ мешіт аумағында заманауи оқу орны – медресе, яғни, қарилар дайындау орталығы да бой көтермек.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0