Өңірлер

Күн жылынады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, снег
Алматы, снег - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
Елдің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылай береді, дейді синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 6-8 қарашада ығысып бара жатқан антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде демалыс күндері құрғақ әрі жылы ауа райы болады. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылай береді.

Елдің батыс өңірі жексенбі мен дүйсенбіде солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Сондықтай бұл аймақта жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.

Батыста ауа температурасы түнде -5 пен +5 аралығында ауытқып, күндіз 5-15 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста ауа температурасы түнде 3-11 аязды болса, күндіз 1-8 градус жылы болады.

Елдің оңтүстігінде термометр бағаны -1-10 деңгейіне дейін төмендеп, күндіз 3-12 градус жоғары көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -5-15 болса, күндіз -3 пен +8 аралығында болады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0