Өңірлер

ІІМ Пенжімдегі қақтығыс ұлтаралық негізде болғанын айтты

© Sputnik / Жания УранкаеваНачальник управления ювенальной полиции комитета административной полиции МВД Казахстана Асет Оспанов
Начальник управления ювенальной полиции комитета административной полиции МВД Казахстана Асет Оспанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы ауыл тұрғындары арасында этносаралық негізде ешқандай қақтығыс жоқ деп мәлімдеді

АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Қазақстан үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов Пенжімдегі оқушылар арасындағы жанжал ұлтаралық сипатқа ие екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ұлтаралық негізде оқушылар арасында қақтығыс жағдайлары бар. Биыл қазанда Батыс Қазақстан облысында және жақында ғана Алматы облысының Пенжім ауылында осындай фактілер тіркелді. Ұлты бойынша бөлінген 9-10 сынып оқушылары топ болып төбелескен", - деді Оспанов.

Ол уақтында жүргізілген шаралар жанжалды тоқтатып, ұлтаралық алауыздықты болдырмауға мүмкіндік бергенін айтты.

Алайда бұған дейін Пенжімдегі жағдайға қатысты Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева түсініктеме берді. Ол жанжалдың этносаралық сипаты жоқ екенін мәлімдеді.

"Ауыл тұрғындары арасында ұлтаралық қақтығыс болмағанын және болмайтынын ерекше атап өткім келеді. Жергілікті тұрғындар – қазақтар да, ұйғырлар да дос әрі көрші, олардың барлығы бейбіт әрі тыныш өмірді қалайды", - деп жазды Майя Бекбаева.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында ұлтаралық қақтығыс болған жоқ – ҚХА

Айта кетері, 27 қазан кешке Алматы облысы Пенжім ауылындағы мектептің жанында төбелес болған. 9-10 сынып оқушыларының дауы жаппай төбелеске ұласты. Қақтығыс салдарынан жасөспірімдердің бірі қатты зардап шекті.

Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желілерде қолданушылар Пенжім ауылынан видеолар жариялады.  Ауылда түнде мектеп жанында жаппай төбелес болған. Соған байланысты оқушыдан бөлек 1967 жылы туған ер адамның жарақат алғаны анықталды.

Жаңалықтар
0