Өңірлер

Маңғыстаулық жігіт қалың малды қайтаруды талап етті

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Сот ер адамның талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. Ол апелляцияға шағым түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында екі жыл некеде болған ер адам ажырасуға арыз беріп, әйелі мен оның туыстарынан қалың малды қайтаруды талап етті. Бұл іс бойынша үкімді облыс сотының баспасөз қызметі жариялады, деп жазды Lada.kz.

Талапкер жауапкер мен оның ата-анасынан 800 000 теңгені, гауһар тастармен көмкерілген алтын бұйымдарды, екі кілем мен қалың мал ретінде берілген 1 615 000 теңгені өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.  

Дегенмен ол жауапкерлердің мүліктік зиян келтіргені немесе қандай да бір міндеттеме алғаны туралы дәлел ұсынбаған.

"Қазақтың салт-дәстүрі бойынша жастар некеге тұрғанда олардың ата-анасы арасында ескі әдет-ғұрыптар жасалады, ал берілген заттарды қайтару талабы қолданыстағы заңнамамен реттелмеген, яғни тараптар арасында ерікті түрде берілген дүние-мүлікті қайтарып алуға қатысты ешқандай міндеттеме жоқ", - деп түсіндірді сот.

Сот ер адамның талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Дегенмен ол апелляцияға шағым түсіріп, сотқа берілген талап-арыз бойынша жаңа шешім шығаруды, куәларды шақырып, олардан жауап алуды сұрады.

Сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Бұл іс бойынша үкімді 1 қарашада Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі жариялады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0