Өңірлер

Алматы әуежайындағы дау: қызметкерлер жұмыстан кетуге мәжбүрлегенін мәлімдеді

© Photo : РСК АлматыАэропорт Алматы
Аэропорт Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
Алматы әуежайында жүк қызметі бөлімінің қызметкерлері жаппай жұмыстан қуылды. Алайда бұл жұмысшылар басшылық "өз еркімен" жұмыстан кетуге мәжбүрлегенін айтып отыр. Жұмыстан босатылғандардың кейбірі зейнет жасына жақындап қалған

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Алматы әуежайының бірқатар жұмысшысы өз еркінен тыс жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Олардың көбі әуе айлағында көп жылдан бері жұміыс істесе, кейбірі зейнетке шығуға аз қалғанда табыс көзінен айырылып отыр.

Жұмыстан босатылғандардың бірі бұл күтпеген жағдай болғанын айтты.

"Бізге кадр бөлімінен хабарласып, барлығымызды шақырды. Жеті адам екенбіз, кадр бөліміне кірдік. Ол жерде қолымызға жұмыстан өз еркімізбен кеткеніміз туралы мөр басылған еңбек кітапшасы және басып шығарылған өтініш пен бұйрықты қолымызға ұстатты. Біз өтінішке қол қойып, "Не себепті жұмыстан босатылып жатырмыз?" дегенімізде, бізге "Сіздерге ешкім көмектеспейді. Жұмыс орындарыңызды босатуларыңыз қажет" деп жауап берді", - дейді Галина Такобаева КТК телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, кадр бөліміндегілер олар өз еркімен жұмыстан кетпесе, заң бабы бойынша жұмыстан кетуге мәжбүрлейміз деп қорқытқан.

Ал әуежайдағылар бұл ақпаратты теріске шығарып отыр.

"Алматы халықаралық әуежайының бұрынғы  жұмысшылары "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-ға қатысты айыптаулары негізсіз екенін хабарлаймыз. Олар өз бастамалары бойынша жұмыстан босатылды және Қазақстан Еңбек кодексінің 49-бабы 5-тармақшасы бойынша еңбек келісімшарты бұзылды", - деді "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Найля Жабагина.

Оқи отырыңыз: Желіде Алматы әуежайында болған оқиғаның видеосы тарады 

Әйтсе де бір мезетте бірнеше жұмысшының қызметтен босатылуы күдік тудырып отыр. Әуежайдың бұрынғы қызметкерлері олардың көбі бұл нысанда 10 жылдан астам уақыттан бері еңбектеніп келе жатқанын айтты. Барлығының авиация саласында білімі бар. Кейбірі тіпті зейнетке шығатын жасқа жетіп қалған.

"Өз еркімен жұмыстан босатылғандар" қайта жұмысқа қабылдауды немесе басқа жұмыс орнын ұсынуды талап етіп отыр.

Олар осы мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін Авиациялық көлік прокуратурасына шағымданды.

Жаңалықтар
0