Өңірлер

Баянауылдағы аты шулы аэродромның тағдыры шешілді

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуСамолет
Самолет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Аудан басшысы болашақта аэродром чартерлік рейс ұшақтарын қабылдайды деп үміттенеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Баянауыл курортындағы аэродром Қарағанды қаласы авиациялық оқу-жаттығу орталығының сенімді бақылауына тапсырылды, деп хабарлады Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов.

"Аэродром функционалдық бағытын өзгерту құқығынсыз Қарағанды қаласы шағын авиация ұшқыштарын дайындауға арналған авиациялық оқу-жаттығу орталығына 10 жылға сенімді басқаруға берілді. Конкурс өткізілді осы жылдың 15 қаңтарында, келісімшарт жасалды", - деді аудан басшысы брифингте.

Спикер орталық иелігінде 18-20 жолаушыға арналған бір немесе екі шағын әуе кемесі бар екенін айтты.

Соныман қатар аудан басшысы әкімдіктің шешімін түсіндірді. Оның айтуынша, ең алдымен, мүліктік кешен сақталады. Жаңа жұмыс орындары пайда болады. 

Қанат Кәрімов болашақта аэродром чартерлік рейс ұшақтарын қабылдайды деп үміттенеді. Ол үшін мүліктік кешенді, навигациялық жабдық пен ұшу-қону жолағын мемлекеттік тіркеуден және сертификаттаудан өткізу керек.

Еске салсақ, Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сол кездегі өңір басшысы Болат Бақауовтың тапсырмасы бойынша ұшақ ұшыруға жарамсыз осы аэродромды сатып алғаны үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0