Өңірлер

Маңғыстауда газ құбырына соғылған көлік өртке оранды – видео

© Photo : Пресс-служба акимата Алматыгаз құбыры
газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты Мұнайлы ауданына кіретін Басқұдық ауылында болған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында мас жүргізуші газ құбырына соғылды. Оның көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Лада порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты Мұнайлы ауданына кіретін Басқұдық ауылында болған.

УАЗ Patriot жүргізушісі мас күйінде рөлге отырған. Ал көшеде келе жатқанда газ құбырына соғылған.

Соққы салдарынан өрт шығып, көлік толығымен жанып кетті.

"Оқиға орнына төтенше жағдайлар мен газ қызметінің мамандары келіп, өртті өшірді", - дейді полицейлер.

Ал көлік жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы, 3-тармағы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) бойынша жауапқа тартылды.

Осы бапта 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0