Өңірлер

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоМавзолей Жошы хана
Мавзолей Жошы хана - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
Президент Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады, бұдан бөлек Ұлытау ауданындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне барады

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар "Қазақмыс" компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады.

"Бұдан бөлек президент дарынды балаларға арналған, мамандандырылған "Өркен" мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне барады", - делінген ақпаратта.

Айта кетері, Тоқаев қазанның басында Жамбыл облысына барды. Сапар барысында президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысты.

Зауыт қызметкерлерімен әңгімелесу барысында президент жобаның маңызды екенін айтып, отандық вакцинаның коронавирус індетіне қарсы күреске және халықтың денсаулығын күшейтуге зор үлес қосатынына сенім білдірді.

"Еліміз үшін қажетті өндіріс. Негізгі жұмыс орындалды. Бәрі дұрыс. Келесі жылы осы жұмысты жалғастырамыз. Бұл вакцинаны Ауғанстан және басқа да мұсылман елдеріне жібереміз. Вакцинамыз дүние жүзінде мойындалып жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтар
0