Өңірлер

FlyArystan компаниясының Павлодар - Нұр-Сұлтан рейсі бір тәулікке кешікті – видео

© Sputnik / Абзал КалиевМеждународный аэропорт Нурсултан Назарбаев в Нур-Султане
Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
Жолаушылар әуе компаниясының қызметіне шағым түсірді. Олар түнде қонатын жер мен тамақ қарастырылмағанын айтып отыр. Ал компания мұны жоққа шығарды

ПАВЛОДАР, 20 қазан — Sputnik. Бір тәулікке кешіккен Павлодар-Нұр-Сұлтан рейсінің жолаушысы tipavlo Instagram-паблигінде FlyArystan жолаушыларға жағдай жасамағанын айтып шағымданды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Оның айтуынша, борт 18 қазан сағат 19.00-де ұшуы керек еді. Бірақ техникалық себептермен әуежайда қалып қойды.

"Алдымен қону кешіктірілді, содан кейін ұшақта капитан екі рет жолаушылар алдына шығып, желдету жүйесіндегі ақау туралы хабарлады және тағы күте тұруды сұрады. Сағат 21.00-ге таман жолаушылар терминалға қайта түсті. Олар жүктерді бір сағаттан кейін жанжалмен ала бастады", - деп жазды ол.

Одан кейін жолаушы компания тамақтандыру, түнде қону, тіпті, су мен жолаушыларды уақтылы хабардар ету туралы ойламағанын жеткізді.

"Рейс 19 қазан таңғы 9-ға ауыстырылды. Мен әуежайға келгенде күту залында сол жерде түнеген адамдарды кездестірдім. Рейс қайтадан кейінге қалғанын сол жерде білдім. Сейсенбі сағат 19.00-ге ауыстырылды". - деп жалғастырды жолаушы.

Әйел осы уақыт ішінде әуежайға таксимен келуге билет құнынан көп ақша жұмсаған. Сонымен қатар, компания өкілі байланысқа шықпағанын жеткізді. Жолаушылардың бірі дәрігерге жазылған, халықаралық ұшулар мен кездесулерге де үлгермей қалды.

Ал FlyArystan компаниясының ақпараты мүлдем басқаша.

"Павлодар-Алматы бағыты бойынша КС 7132 рейсінің жоспардан тыс кешігуі үшін кешірім сұраймыз. Осы рейстің жолаушыларына тамақ, сусын, сондай-ақ рейсті күту кезінде қонақүйде тұру ұсынылғанын хабарлаймыз. Ұшудан бас тартқан жолаушыларға билеттерді сатып алу орны бойынша қайта броньдауды немесе қайтаруды рәсімдеу ұсынылды. Кешіктіру сіздің жоспарларыңызға әсер еткені өте өкінішті, бірақ ұшу қауіпсіздігі біздің басты міндетіміз", - деді компания өкілдері Instagram-да берген жауабында.

Жаңалықтар
0