Өңірлер

Шахтинск қаласында 11 жастағы бала әкесінің көлігін айдап әкеткен

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуСалон внедорожника
Салон внедорожника - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Жазылу
Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткен полицейлер оны тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан –  Sputnik. Шахтинск қаласында әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім ұсталды. Әкесі полицияға арыз түсірген. Бірақ қылмыстық істі тоқтатуға тура келді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

16 қазанда қалалық полиция бөліміне 38 жастағы ер адам арызданып, белгісіз біреудің жеке меншік үйдің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткенін хабарлады. Шығынның көлемі 800 мың теңгеге бағаланды.

Шахтинск қаласының криминалдық полиция басқармасының мамандары бірден шұғыл іздестіру шараларына кірісті. Бірнеше сағаттың ішінде ұрланған көлік қала көшелерінің бірінде тоқтатылды. Рөлде отырған 11 жастағы бала көлік иесінің ұлы болып шықты. Ол әкесінің темір тұлпарын рұқсатсыз мініп кеткен. 

Ал көліктің ұрланғаны туралы хабар түскеннен кейін полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткен. Бірақ оны тоқтатуға тура келді.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0