Өңірлер

Сабақтан сұранған оралдық оқушылардың әрекеті бейнебақылау камерасына түсті

© Sputnik / Тимур БатыршинКазахстанские школьницы
Казахстанские школьницы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Жазылу
Олардың ата-анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабына сәйкес хаттама рәсімделді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Орал қаласындағы Тұңғыш президент алаңында оқушы қыздар бірнеше орындықты шимайлап кетті. Сол үшін ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 9-сынып оқушылары сабақтан сұранып, саябаққа барған. Сол жерде қыдырып жүргенде бірнеше орындықты шимайлап тастады.

Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы жасөспірімдердің кім екенін анықтады. Олардың ата-анасына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы бойынша ("Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық") хаттама рәсімделді. Оған сәйкес, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 7 АЕК (20 419 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады.

Оған қоса, оқушы қыздардың ата-анасы орындықтардағы жазуды өшіруге тиіс.

Осы орайда тәртіп сақшылары халықты қаланы абаттандыру жұмысына құрметпен қарауға үндеп отыр.

"Полиция департаменті кәмелет жасқа толмаған балалардың заңға қайшы әрекеті үшін заңды тұлғалары жауап беретінін ескертеді. Сондықтан ата-аналар жасөспірімдердің тәрбиесіне баса мән беруі керек", - деді ведомствода.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0