Өңірлер

Саран қаласында биіктігі төрт метрлік орындық қойылды – фото

© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Семиметровую скамью установили в парке Сарани
Семиметровую скамью установили в парке Сарани - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Орындыққа декоративті күл-қоқыс жәшігінің артында орналасқан баспалдақпен ғана шығуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан –  Sputnik. Саран қаласындағы жаңа саябақта биіктігі төрт метрлік орындыққа отырып, селфи жасауға болады.

Конструкцияның биіктігі – 4 метр, ал ұзындығы 7 метр. Оны ағаш пен металдан жасаған. Орындыққа декоративті күл-қоқыс жәшігінің артында орналасқан баспалдақпен ғана шығуға болады.   

© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Әкімдік қала тұрғындары ерекше орындықты күтіп ұстайды деп үміттенеді
Саран қаласында биіктігі төрт метрлік орындық қойылды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Әкімдік қала тұрғындары ерекше орындықты күтіп ұстайды деп үміттенеді

"Қала жастары әкімдікке талай рет өтініш жасап, бос уақытты өткізетін және селфи жасайтын креативті орын жасап беруді сұрады. Әлеуметтік желіде өз ұсыныстарын да айтты. Содан біз жастардың тілегін орындап, саябақта ерекше орындық  орнаттық", - дейді әкімдік қызметкерлері.

© Photo : Пресс-служба акима Каррагандинской области Жаңа саябақ қаланың кіреберісінде ашылды. Ол жерде фото аймақтан бөлек, от жағатын орын да жасақталды
Саран қаласында биіктігі төрт метрлік орындық қойылды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жаңа саябақ қаланың кіреберісінде ашылды. Ол жерде фото аймақтан бөлек, от жағатын орын да жасақталды

Мамандардың айтуынша, жаңа конструкцияға бюджеттен ақша жұмсалмаған.

Айта кетері, жақында қаланың кіреберісінде жаңа саябақ ашылды. Ол жерде фото аймақтан бөлек, от жағатын орын да жасақталды.

Саябақтың маңайында абаттандыру жұмыстары басталды. Осы уақытқа дейін 50 түп ағаш отырғызылды.

Жаңалықтар
0