Өңірлер

Шығыс Қазақстанда ер адам зейнетақыны 13 жыл бойы заңсыз алған

© Photo : Pixabay / Steve BuissinneПожилой мужчина
Пожилой мужчина - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Көші-қон қызметінің мамандары 76 жастағы ер адамның қос азаматтығы бар екенін анықтады. Ол енді 12 миллион теңгені бюджетке қайтаруға тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан –  Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласының тұрғыны 13 жыл бойы Қазақстан мен Ресейде зейнетақы алып отырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көші-қон қызметінің мамандары 76 жастағы ер адамның қос азаматтығы бар екенін анықтады. 2004 жылы ол Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Бірақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан бас тартпаған. Полицейлердің мәліметінше, ер адам Қазақстанда зейнетақыны рәсімдеп алғаннан кейін көрші ел азаматтықтан автоматты түрде шығарып тастайды деп ойлаған көрінеді. Бірақ Ресейде де зейнетақы төлене берген. Осылайша ол осы уақытқа дейін 12 миллион теңгені заңсыз алған.

"Зейнеткер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы, 1-тармағы (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) бойынша жауапқа тартылды", - дейді полицейлер.

Осы бапта 100 АЕК (291 700 теңге) мөлшерінде айыппұл салу жазасы қарастырылған. Оған қоса, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы сотқа арыз түсірді. Ер адам заңсыз төленген зейнетақыны қайтаруға тиіс.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0