Өңірлер

Ескі үйдегі үрей: павлодарлық тұрғындар шу шығарды

© Sputnik / Тимур Батыршинағаш үйлер
ағаш үйлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Жазылу
Ескі ағаш үйде қазір сегіз отбасы тұрады. Пәтерлердегі көрініс тіпті қорқынышты. Амалсыздан тұрып жатырмыз, дейді олар

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Павлодарда екі қабатты ескі үйдің тұрғындары шу шығарды. Айтуларынша, үйдің әбден тозығы жетіп, құлайын деп тұр, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Бойларын үрей  билеген жұрт  жергілікті билік өкілдерінен ғимаратты бұзуды талап етуде. Жаңбыр жауса төбеден су ағады. Баспана коммуналдық желіден  ажыратылған.

Бұл үйлер өткен ғасырдың елуінші жылдары уақытша деп салынған. Бүгін саз балшығы түсіп,  іргетас үгітіліп, алқам-салқам күйге түскен.    

Ескі ағаш үйде қазір 8 отбасы тұрады. Пәтерлердегі көрініс тіпті қорқынышты. Тұрғындар басқа барар жері болмаған соң амалсыздан тұрып жатырмыз дейді. 

"Төбе құлап жатыр. Жабындылары үгітіліп қалды. Қай күні басымызға құлап кетеді екен деген қауіппен жүрміз", - дейді үй тұрғыны дейді Ольга Гришина.

Бұзылады  деген желеумен үйдің кәріз құбырын да желіден ажыратып тастаған. Сасық иістен демалу мүмкін емес, дейді тұрғындар.

"Біздің үй 2019 жылы бұзылуы керек болған. Маңайымыздағы үйлердің бәрін бұзды. Біз жапан далада жалғыз қалдық. Ол үйлерді бұзған кезде бізді кәріз желісінен ажыратып кетті. Бізге сәл шыдай тұрыңдар, пәтер береміз деген. 2 жыл өтті. Қаншама үй салынып жатыр. Пәтер жоқ", - дейді тағы бір тұрғын Елена Смирнова.

Әкімдік өкілдері бұл мәселеден хабардар. Қаладағы ескі үйлер кезең-кезеңмен бұзылатынын айтады. 

Павлодар қаласы баспасөз қызметінің маманы Жансерік Қапзолланың айтуынша, Циолковский көшесі 19/1 мекен жайы бойынша орналасқан үйді бұзу жұмыстары 2022 жылдың жоспарында тұр.

Ол бұған дейін аталған үйдің тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, тұрғындар биыл үйлерінде қалу туралы шешім қабылдағанын айтты.

"Сарыарқа" шағын ауданында екі қабатты ескі 19 үй қалған. Оның барлығы келесі жылы толығымен сүріледі деп жоспарланған. Ал оған дейін бұл үйлердің құлап кетпесіне ешкім кепілдік бермеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0