04:46 24 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
60 0 0

Қылмыстық кодекстің "адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицияның хабарлауынша, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды

АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында екі зейнеткерді қатыгездікпен өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

2021 жылдың 25 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Прибрежное ауылындағы үйден өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды сөндірді. Үйдің ішіне кірген соң еденде жатқан екі мәйітті көрген.

83 жастағы әйел және 74 жастағы ер адамның жартылай күйген денесінде көптеген пышақ жарақаты болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицияның хабарлауынша, қазан айында қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Жәбірленушілерді жақтырмаған 37 жастағы ер адам кісі өлтірген соң үйді әдейі өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ер адам үй ішіндегі пердеге от қойғанын айтты. Ал қылмыс қаруын үйдің маңына лақтырып кеткен.

Қазір күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Тақырып бойынша

"Не деген қатыгездік": Алмалы тұрғыны бүкіл ауылды дүр сілкіндірген қылмыс жасады
Шығыс Қазақстанда көлігінің доңғалағын ауыстырып жатқан жігітті полицей қағып өлтірді
Қарағанды облысында бақташы ауылдасын атып өлтірді – видео
Атбасарда ер адам алдымен туған қызын, кейін әйелін өлтірді – оқиға қалай болды
Павлодарда 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдікті ұсталды
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, адам, күдікті, видео
Загрузка...

Басты тақырып