Өңірлер

Ұлттық университеттің жерін талан-таражға салды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевЗаседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года
Заседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Жазылу
Алматы облысы Қарасай ауданындағы 9 гектар жер учаскесі университетке тиесілі болған

АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жер телімін талан-таражға салды деген күдікпен бірнеше адамды ұстады.

Осы іс бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы қызметкері, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің және Қарасай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшылары ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылындағы 9 гектар жер учаскесі университетке тиесілі болған.

2018 жылы жер учаскесі бірқатар учаскеге заңсыз бөлінген. Сондай-ақ жалған құжат арқылы ұсталған тұлғаларға үлестес болып рәсімделіп, артынша басқа тұлғаларға сатылған.

Олар қылмыс ізін жасыру және жер телімін университет балансына жалған қайтару мақсатында 2021 жылдың қаңтарында құқық белгілейтін құжаттарсыз мемлекеттің жер қорынан Көлді кентінде санитарлық аймақта орналасқан жеке меншікке беруге жатпайтын жер телімін заңсыз бөлген.

Бүгінгі таңда барлық күдіктіге сот санкциясы негізінде бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Тергеу жалғасуда, жасалған қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0