Өңірлер

Ақтөбе облысы "жасыл" аймаққа енді

© Photo : Пресс-служба Мининдустрии Виды Актобе
Виды Актобе - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Жазылу
Коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақта сегіз өңір тұр

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысы коронавирустың "сары" аймағынан "жасылға" көшті, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары әлі де "қызыл" аймақта тұр.  

Ақтөбе облысы "сары" аймақтан шыққаннан кейін бұл аймақта бес өңір қалды: Алматы, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары енді "жасыл" аймақта.

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID жұқтырған 1985 науқас тіркелді, ал бір күн бұрын инфекция 1707 адамнан табылған болатын.

Оқи отырыңыз:

 

 

Жаңалықтар
0