Өңірлер

Атырауда шенеунік 54 миллион теңге жалақыны заңсыз алған

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Жазылу
Бұрынғы шенеунік сыбайласымен бірге жалпы сомасы 111 миллион теңге болатын бюджет қаржысын жымқырған

НҰР -СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Атырау қаласының №2 сотында білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Толғанай Көлбаеваға үкім шығарылды, деп жазды "Мой ГОРОД".  

Іс материалдарына сәйкес, ол 2015 жылдан 2020 жылға дейін өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сыбайласымен бірге 111 миллион теңге (261 мың доллар) бюджет қаржысын иемденгені анықталды. Оның 54 миллион теңгесін (127 мың доллар) Көлбаева, қалғанын оның сыбайласы алған.

"Олар мұны өздеріне жалақыны заңсыз есептеп жазу арқылы жасаған. Көлбаева ақшаны жеке банк картасына, сондай-ақ анасының картасына аударған", - делінген іс құжаттарында.

Экс-шенеунік кінәсін толық мойындап, тергеуге көмектесті, ұрланған қаржыны қайтарып берді. Сот жаза кескен кезде осы жағдайды және оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді.

Әйел жеті жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. Алайда сотталған әйелдің кішкентай балалары болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі бес жылға кейінге шегерілді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0