Өңірлер

Алматыда аудан тұрғындары лас су ішуге мәжбүр: жауапты мекеме себебін айтты

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуОтключение воды, фото из архива
Отключение воды, фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Жазылу
Тастыбұлақ шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары аясында 2020 жылы су құбыры мен кәріздің магистралдық желілері салынған

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Алматыдағы Тастыбұлақ ауданының тұрғындары суаруға арналған лас суды ішуге мәжбүр екенін мәлімдеді. Сол аймақты сумен қамтамасыз етуге жауапты "Алматы су" кәсіпорны жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жауапты мекеменің хабарлауынша, Тастыбұлақ шағын ауданына судың сапасы барлық санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Алайда ауданның шығыс бөлігінде тұрғындарды суық сумен қамтамасыз ету жүйесі жоқ. Бұл аумаққа су жеке ұңғымалардан беріледі.

"Шағын ауданның "Алматы су" кәсіпорны қызмет көрсететін аймағында сумен қамтамасыз ету штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Кәсіпорын еншісіндегі сумен қамтамасыз етудің магистралдық желілері аталған шағын ауданның батыс бөлігін сумен қамтамасыз етеді. Демек бау-бақша қоғамдарының шекарасына дейінгі қашықтықты қамтиды. Ал саяжай алаптары бау-бақша серіктестіктерінің құбырлары арқылы сумен қамтамасыз етіледі", - деді кәсіпорын.

Тастыбұлақ шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары аясында 2020 жылы су құбыры мен кәріздің магистралдық желілері салынған.

Биыл 18 бау-бақша қоғамының ішінде желілердің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу басталды.

Сонымен қатар "Ақсай" сүзгі станциясын қайта жаңартуға конкурс жарияланды, бұл жұмыс кезінде Ақжар, Тастыбұлақ және Таужолы шағын аударының тұрғындары сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етіледі.

Бұған дейін жергілікті тұрғындар да ауыз су болмағандықтан, қыста арықтағы суды тұндырып, сүзіп ішетінін жеткізді. Енді бірі су сатып ішуге мүмкіндігі болмаған соң суды туыстарынан алып келетінін айтты.

Олардың сөзінше, біраз уақыт бұрын мердігерлер су құбырын жүргізу үшін шағын ауданда көшеде қазу жұмыстарын жүргізген, бірақ бұл шағын ауданда су әлі тартылмаған.

Жауапты мекеме қазір көшелерде пайда болған шұңқырларды уақытша қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0