Өңірлер

Қарағандыда ер адам біреудің көлігін өзінікі деп ойлап, мініп кеткен

© Photo : Рixabay/StockSnapАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2021
Жазылу
Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында тұрған екі автокөліктің маркасы да, түсі де бірдей болған

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Қарағандыда ер адам аулада тұрған бөтеннің көлігін өзінікі деп ойлап, мініп кеткен. Көлік иесі полицияға арызданды.

10 қазан күні Қарағанды полициясына 34 жастағы қала тұрғыны шағымданды. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу ауладағы көлігін айдап кеткен. Шығын сомасы 1 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы " Автомобильдi жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іздестіру кезінде криминалды полиция 27 жастағы жігітті "ізін суытпай" ұстады. Күдікті бөтеннің көлігімен қала көшелерінің бірінде кетіп бара жатқан.

Полицейлер жүргізушіні тоқтатып, айыбын айтқанда, ер адам таңғалған. Көлік өзінікі екенін айтқан. Дәлел ретінде автокөліктің техпаспортын көрсеткен.

Анықталғандай, жас жігіт өз көлігін басқа біреудің темір тұлпарымен шатастырып алған. Көпқабатты үйдің ауласында тұрған қос көліктің маркасы мен түсі бірдей екен, тіпті оталдыру кілті де бір-біріне келе береді. Тек мемлекеттік тіркеу нөмірі ғана әртүрлі.

Тергеу ер адамның арам ойы болмағанын анықтады. Қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0