Өңірлер

Шымкент вакцина салдыру жоспарын 100 процентке орындады

© Photo : Шымкент қаласы әкімдігіОңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры
Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Қалада вакцинағы қарсы көрсетілімі жоқ және жасы бойынша санатқа енетін барлық адам екпе салдырды

АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Шымкент коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша жоспарды 100 процентке орындады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Шымкент коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша жоспарды 100 процентке орындады. Нақтырақ айтқанда, қалада вакцинағы қарсы көрсетілімі жоқ және жасы бойынша санатқа енетін 536 мың адам бар, оның барлығы екпе салдырды", - деп хабарлады басқармадағылар.

Қалаға студенттердің келуіне байланысты бұл категорияға қосымша 60 мың адам қосылды. Оларға вакцина салу бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Қазір қала бойынша вакцинаның бірінші компонентін 536 000 адам, екінші компонентін 454 848 адам салдырған.

Айта кетері, Шымкент эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша "жасыл" аймаққа өтті. Қалада инфекция жұқтырғандар саны азайып, инфекциялық стационардағы төсек орындар азайған.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы 28 адамнан табылды. Қазір 397 адам стационарда емделіп жатыр. Инфекциялық өсек-орынның 52%-і бос.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0