Өңірлер

Шаңды дауыл, тұман: синоптиктер 11 қазандағы ауа райына болжам жасады

© AFP 2024 / BEHROUZ MEHRIәйел адам
әйел адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2021
Жазылу
Елдің солтүстік облыстарында көктайғақ болады деп болжанып отыр. Шығыста жауын-шашын түседі

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Әліде антициклон жотасы республиканың батыс жартысына әсерін сақтағандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады деп жсопарланған.

Елдің шығыс аумағында циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі, оңтүстік – батысында шаңды дауыл, тұман, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Жауған қарды видеоға түсірген баянауылдық апа шенеуніктерден кешірім сұрады

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола облысының шығыс жартысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы және тау бөктерінде тұман күтіледі, түнде батысында, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с жел күшейеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Агенттік баянауылдық әйелдің кешірім сұраған видеосынан кейін тергеу жүргізеді

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарында тұман күтіледі. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

 

Жаңалықтар
0