Өңірлер

Базыл Жақыпов қайтыс болды

Базыл Жакупов   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2021
Жазылу
Жергілікті БАҚ ақпаратына сәйкес, ол ұзақ уақыт бойы ауырған. Оның соңғы жұмыс орны "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Базыл Жақыпов дүниеден озды.

"Қостанай облысының беткеұстар азаматтарының бірі, жақсы ағамыз Жақыпов Базыл Шамұханұлы өмірден өтті. Бұл хабарды жариялаудың өзі қандай ауыр. Базыл Шамұханұлы көп жылдар мемлекеттік қызметте болған, ел үшін ерен еңбек еткен ер еді", - деп жазды Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Кенже Қонысбай.

Жергілікті БАҚ ақпаратына сәйкес, Базыл Жақыпов ұзақ уақыт бойы ауырған. 

Оның соңғы жұмыс орны "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болды.

Базыл Жақыпов өмірбаяны

Базыл Жақыпов 1965 жылы 5 қаңтарда қазіргі Ақмола облысы Терсаққан ауылында дүниеге келген. 1982 жылы шопан көмекшісі ретінде жұмыс істеуге кірісті. Сол кездегі Торғай облысы Восход совхозында бақташы болды. 1983-1985 жылдары әскерде борышын атқарды. 1985-1991 жылдары "агроном-ғалым" мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтында оқыды.

Жаңалықтар
0