Өңірлер

Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: 1 қазанға арналған ауа райы

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтандағы алғашқы қар
Нұр-Сұлтандағы алғашқы қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде жел күшейіп, түңгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 1 қазанға арналған ауа-райы болжамын жасады. 

Мәскеу аудандарынан жылжып жатқан солтүстік-батыс антициклонның ықпалынан батыс және оңтүстік аймақтарды қоспағанда, ел аумағының басым бөлігі әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, олар көктайғақтың орын алуына әсер етеді. Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде жел күшейіп, түңгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтанда алғашқы қар жауды

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік жартысында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең солтүстік-батыста, батыста тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с күшейеді.

Нұр-Сұлтанда ауа райы бұзылды: бір күнде 90 жол апаты болды

Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының шығысында, күндіз солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Мегаполистердегі ауа-райы

Алматыда жаңбыр, күндіз ауа температурасы 13+15 °C жетеді.

Нұр-Сұлтанда да күн жауын-шашынды, күндізгі ауа температурасы +6+8 °C.

Шымкентте де жауын жауады деп болжанды, күндізгі ауа температурасы+17+19 °C шамасында болады. 

Жаңалықтар
0