Өңірлер

Мамин бес өңір әкімдеріне тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневЖители столицы на улицах города
Жители столицы на улицах города - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Премьер-министр елде эпидемиологиялық жағдай жақсарып келетінін атап өтті. Барлық өңірде вирус жұқтыру деңгейі біршама азайған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин "қызыл" аймақта тұрған өңірлер әкімдеріне вакциналауды жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мамин елде эпидемиологиялық жағдай жақсарып келетінін атап өтті. Барлық өңірде вирус жұқтыру деңгейі біршама азайған.

"Дегенмен "қызыл" аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары қалып отыр. Сондықтан эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, вакциналауды жалғастыру қажет", - деді премьер-министр үкімет отырысында.

Айтуынша, қазір бірінші компонент 7,5 миллионнан аса адамға, екінші компонент 6,4 миллион адамға салынды.

Сондай-ақ ол тұмау мен басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шара қолдану қажет екенін мәлімдеді. Тұмауға қарсы вакциналау үшін 2,5 миллион доза вакцина сатып алынған.

Мамин халықты тұмауға қарсы вакциналауды жандандырып, медицина ұйымдарының тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетері, тұмауға қарсы жыл сайынғы вакциналау науқаны 15 қыркүйекте басталды.

Вакцина медицина қызметкерлеріне, медицина ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалғандарға арналған білім беру ұйымдарының балаларына, сәбилер үйінің тәрбиеленушілері мен эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша басқа да адамдарға салынады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0