Өңірлер

Қар мен көктайғақ: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтан көшесі
Нұр-Сұлтан көшесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 28-30 қыркүйек арасындағы ауа райын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады.

Соған байланысты солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ болады.
Батыста ауа температурасы түнде 0-15 градус жылы, 3 градус аяз, күндіз 7-22 жылы болады.

Солтүстік-батыста түнде 0-10 жылыдан 6 аяз – 5 жылуға дейін, күндіз 0-13 жылы болады.
Солтүстікте түнде 3 аяз – 6 жылы, күндіз 5-11 жылыдан 2-8 жылы аралығында болады.

Орталықта 3-11 жылудан 3 аяз – 8 жылуға дейін төмендейді, күндіз 7-18 жылыдан 2-10 градусқа дейін түседі.
Шығыста түнде 3 аяз – 10 жылы, күндіз 10-20 жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 7-18 жылуды, күндіз 12-27 жылы болады.

Мегаполистегі ауа райы

Алматыда 28-29 қыркүйекте күн ашық, түнде +13...+16°C, күндіз +22...+23°C жылы болады. Ал 30 қыркүйекте күн алабұлтты, ауа температурасы түнде +13°C, күндіз +22°C көрсетеді.

Нұр-Сұлтанда 28 қыркүйекте қар аралас жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +3°C, күндіз +9°C.
29 қыркүйекте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +2°C, күндіз +6°C жылы. Ал 30 қыркүйекте күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде +3°C, күндіз +7°C көрсетеді.

Ал Шымкентте 28 қыркүйекте күн ашық, түнде +10°C, күндіз +25°C жылы. Ал 29-30 қыркүйекте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10...+13°C көрсетсе, күндіз +23°C жылы болады.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0