Өңірлер

Желіде тарап кетті: полиция видеодағы ақтаулықтарды іздестіріп жатыр

© Sputnik / Ольга ТонконогНа многих бесплатных пляжах Актау каменно-илистое дно
На многих бесплатных пляжах Актау каменно-илистое дно - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Желіде пайда болған басқа роликте белгісіз бойжеткен үңгір қабырғасына жазу жазып жатыр. Видео авторы оның бұл әрекетіне ыза болды. Алайда бойжеткен ескертуге мән бермеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Вандалдар Ақтаудың көрікті жерлерінің бірі - Жартас жолындағы үңгірді зақымдады.

Олар баллондағы бояумен жазу жазған. Жергілікті тұрғын қала қонақтарын экскурсияға апарып, бұл жазуларды видеоға түсіріп алды. 

"Осындай әсемдікті қалай бүлдіруге болатынын түсінбеймін. Олар мұны бағаламайды. Ерекше граффити жасаса түсінер едім. Қонақтардан ұялдым", - деді ол Lada.kz басылымына.

Полиция бұл адамдарды табуға уәде етті. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Желіде пайда болған басқа роликте белгісіз бойжеткен үңгір қабырғасына жазу жазып жатыр. Видео авторы оның бұл әрекетіне ыза болды. Алайда бойжеткен ескертуге мән бермеді. Полиция оның да жеке басын анықтайды.

Жартасты соқпақ 4 шағын ауданда теңізге түсетін маңайдан, жартас массивінің етегінде орналасқан. Үңгірде орындықтар қойылған, әсем әуен ойнап тұрады. Кешке үңгір мен барлық жартасқа жарық түседі. 

Жаңалықтар
0