04:17 19 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.37
  • EUR492.66
  • RUB5.97
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
70 0 0

Сағынбек Карбузов өзінің ар-намысына, қадір -қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат тарағанын хабарлады   

ТАЛДЫҚОРҒАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде Үштөбе әкімі жол апаты болған жерден қашып кеткені туралы қауесет тарап жатыр. Қала басшысы өзіне жала жабылғанын мәлімдеді.

Жол апаты туралы ақпарат Instagram-да ushtobeqz парақшасында жарияланды. Автор Үштөбе әкімі Сағынбек Карбузовтың жол апатына қатысы бар деген қауесет таралып жатқанын айтады. Тәртіп бұзушы әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көрінеді.

Қаратал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұржас Байназаров таратылған ақпараттың жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

Әкімнің өзі де бұл қауесетті жоққа шығарып, жала жапқан адамды сотқа беретінін мәлімдеді.

"Мені жол апатын жасады деп айыптаған қауесет мүлде шындыққа жанаспайтынын және менің ар-намысыма, қадір -қасиетіме және іскерлік беделіме нұқсан келтіретін жалған ақпарат екенін ресми түрде хабарлаймын. Қауесет таратушының үстінен арыздану мүмкіндігін қарастырып жатырмын", - деді Сағымбек Карбузов.  

Загрузка...

Басты тақырып