Өңірлер

Павлодар облысында халық санағына қатысатындарға ақшалай сыйақы беріледі

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстан Республикасының ұлттық сағаны 2021
Қазақстан Республикасының ұлттық сағаны 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Санақ қағаздарын www.sanaq.gov.kz сайтында және Aitu мобильді қосымшасында 15 қазанға дейін толтыруға болады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Облыс орталығына жақын Павлодарское ауылында халық санағына онлайн режимде қатысқандарға 10 мың теңгенің ақшалайы сыйақысы беріледі, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының Павлодар облыстық департаменті.

"Онлайн-санақтан өтіп, 10 000 теңге ал!" деген хабарландыру Павлодарское ауылының Instagram парақшасында жарияланды. Әкімдіктің бастамасын жергілікті кәсіпкерлер де қолдап отыр.

Ақшалай сыйақы онлайн-санақтан өткен әрбір жүзінші адамға беріледі. Акцияға тек ауыл тұрғындары ғана қатыса алады.

Ол үшін интернет арқылы санақ қағаздарын толтыру қажет немесе жергілікті дене шынықтыру кешені мен кітапханаға барып, кеңесшілердің көмегімен онлайн-санақтан өтуге болады.

"Сауықтыру орталығы мен кітапханадаға келген адамдарды бөлек санайды. Ал өздігімен өткендер онлайн-санаққа қатысқаны туралы туралы хабарламаны WhatsApp нөміріне жіберуге тиіс. Акцияның нәтижесі Павлодарское ауылы әкімдігінің Instagram-парақшасында жарияланады", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, 16 қыркүйекке дейін Павлодар облысында 160 мыңнан астам адам онлайн-санақтан өтті.

Санақ қағаздарын www.sanaq.gov.kz сайтында және Aitu мобильді қосымшасында 15 қазанға дейін толтыруға болады.

Онлайн-санақтан өтпегендердің үйіне барлық мәліметті қолма-қол жазып алатын мамандар барады. Олар 1-30 қазан аралығында үй-үйді аралайды.

Оқи отырыңыз: Халық санағындағы сұрақтар көптің наразылығын туғызды

Жаңалықтар
0