Өңірлер

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

© AFP 2024 / Sam YehСильный ветер
Сильный ветер - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
16 қыркүйектен бастап елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында, ал 17 қыркүйектен бастап республиканың орталығында жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оған сәйкес, 16 қыркүйектен бастап елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында, ал 17 қыркүйектен бастап республиканың орталығында жаңбыр жауады.

"Қазақстанның қалған аумағында жоғары атмосфералық фронтқа байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады", - дейді синоптиктер.

16-18 қыркүйекте аймақтарда да ауа температурасы төмендейді. Атап айтқанда, батыста түнде сынап бағанасы 3-11-ден 1-9 градусқа дейін төмендесе, күндіз 15-23-тен 10-18 градусқа түседі. Солтүстік-батыста түнде 7-12-ден 2-7-ге градусқа дейін, ал күндіз 10-17 градусқа дейін төмендейді.

Сондай-ақ, 18 қыркүйекте солтүстікте 3 градус үсік жүреді. Күндіз 17-25-тен 10-17°C-қа, ал түнде 8-13-тен 2-10-ға дейін түседі.

Қазақстанның орталығы мен шығысында 5-15 градус жылы, күндіз температура 20-28-ден 15-25 градусқа дейін түседі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 15-20°C, күндіз 28-35 градус жылы болады.

Ірі қалалардағы ауа-райы

Нұр-Сұлтанда ертең күн ашық, ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ 17-18 қыркүйекте күн салқындайды. Сынап бағанасы 15-17 градусты көрсетеді. Жұма күні жаңбыр жауады.

Алматыда ыстық болады. 16-17 қыркүйекте 28 градус болса, 18 қыркүйекте 30-ға дейін көтеріледі, жауын-шашынсыз.

Шымкент қаласында күн ашық, 31 градус ыстық. Сенбі күні сынап бағанасы 35-ге дейін көтеріледі.

Жаңалықтар
0