10:34 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Жергілікті билік жабайы сауда орындарын жоюды көздеп отыр, бірақ базарлар жабылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысындағы Меркі ауылының кәсіпкерлері "Меркі", "Хан" базарларын жабуға наразылық білдірді. 

Митингіге шыққандар басшылықпен кездесуді талап етті – видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Меркі ауданы әкімдігінің мәліметінше, көшенің бойында жабайы сауда орындары қалыптасқан.

"Меркі ауылындағы Торғаев көшесінің бойында "Меркі", "Хан" және "Аспара" базарлары орналасқан. Көшеде ретсіз жабайы сауда орындары қалыптасқан. Салдарынан көше бойы қоқысқа толып, үнемі лас болып жатады. Базар іші санитарлық талаптарға сәйкес келмейді", - деп хабарлады әкімдік.

Сонымен қатар көлік кептелісі тұрғындардың жүріп-тұруын қиындатып, көптің наразылығын тудырған.  

Кәсіпкерлерге базар жабылады деп айтылмаған. Тек қақпасын батыс жағынан ашу жұмыстары жүргізілетіні жеткізіліпті.

"Базардың қақпасын батыс жағынан ашу жоспарланды. Осы ретте базардың жаңадан ашылатын қақпасына (Исмайлов көшесінен) баратын жолға арнайы бағдаршам орнатылып, жолына асфальт төселді. Көлік қоятын тұрақ жасалды. Жаяу жүргіншілер жолы реттелді", - деп түсіндірді әкімдік.

Дегенмен базар "Ортағасырлық Меркі қаласы" археологиялық ескерткіші орналасқан аумаққа салынған.  

"Базар иелеріне санитарлық талаптардың сақталмағаны туралы ескерту жасалды. Сондай-ақ базар иелерімен жасалған келісім шарт мерзімі 2022 жылы аяқталатын болғандықтан, базар басшылығы кәсіпкерлерді ұйымдастырып, наразылық білдіруге келген. Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Загрузка...

Басты тақырып