Өңірлер

Назарбаев Жамбыл облысына барды

© Photo : Пресс-служба Первого Президента РК – ЕлбасыНурсултан Назарбаев посетил социально-культурные объекты в Жамбылской области
Нурсултан Назарбаев посетил социально-культурные объекты в Жамбылской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысында әлеуметтік-мәдени нысандарға барды, деп хабарлады Elbasy.kz.

© Elbasy.kzНазарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті
Назарбаев Жамбыл облысына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті

"Тұңғыш президент алдымен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді", - делінген ақпаратта.

© Photo : Пресс-служба Первого Президента РК – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысында әлеуметтік-мәдени нысандарға барды
Назарбаев Жамбыл облысына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысында әлеуметтік-мәдени нысандарға барды

Жамбыл облысының әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы баяндады. Сондай-ақ  аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар талқыланды. Елбасы өңір басшылығының жұмысына оң баға берді.  

© Photo : Пресс-служба Первого Президента РК – ЕлбасыЕлбасы Жамбыл облысында әлеуметтік-мәдени нысандарға барды
Назарбаев Жамбыл облысына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Елбасы Жамбыл облысында әлеуметтік-мәдени нысандарға барды

Кездесуден кейін Назарбаевы "Әлжан ана" тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Ол ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Елбасы Жамбыл облыстық филармониясының артистері мен аудандық Мәдениет үйінің шәкірттері орындаған музыкалық шығармаларды тыңдады.

Сондай-ақ спорттық-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты. Кешенде ауқымды арена, әмбебап зал және күрес пен боксқа арналған зал бар. 

Жаңалықтар
0