Өңірлер

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан тағы бір облыс шықты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2021
Жазылу
Батыс Қазақстан облысы "сары" аймаққа ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты.

12 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Оған сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр.

"Сары" аймаққа Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары кірген.

"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.

Өткен тәулікте 3 575 адам коронавирус жұқтырды. Жалпы пандемия басталғалы республикада COVID-19 жұқтырғандар саны 839 499 адамға жетті. Оның ішінде 758 090 адам емделіп, сауығып шықты.

Тағы оқыңыз: Карантин шектеуі қалай жеңілдетіледі – жаңа қаулы шықты

12 қыркүйектегі мәлімет бойынша 79 417 адам коронавирус инфекциясынан (71 112 КВИ+ және 8 305 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 16 319 пациент стационарда, 63 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында 1 283 адамның жағдайы ауыр, 342 пациент хәл үстінде жатыр, 190 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

11 қыркүйектегі мәлімет бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 072 523 адам, 2-ші компонентін 5 893 619 адам салдырды.

Жаңалықтар
0