Өңірлер

Оралда шіркеу маңындағы адам өлімі: күдікті ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2021
Жазылу
Жаппай төбелес кезінде адам өлтірді деген күдікке ілінген жас жігіт кінәсін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының полицейлері төбелес кезінде қарсыластарының бірінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген 23 жастағы тұрғынды ұстады.

Еске салсақ, Оралда Назарбаев даңғылындағы төбелес 11 қыркүйекке қараған түні болды.

Шақыру бойынша келген жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері оқиға орнын қарап, 25-30 жас шамасындағы ер адамның денесін тапты. Марқұм қатты соққыға жығылған.

Бұл факті бойынша Батыс Қазақсан облысы полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды. Полиция бір тәулікке жетпейтін уақытта күдіктіні анықтап, ұстады.

"Оқиға қатысушылары мен куәгерлерін іздеуге полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Төбелеске қатысқандардың бәрі анықталды, оның ішінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген 1998 жылғы ер адам да бар. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның айтқандары оқиға орнында тергеу барысында расталды", - деп хабарлады "Мой город" басылымына облыс полициясының ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібеков.

Тағы оқыңыз: Шіркеу маңындағы қайғылы оқиға: Орал полициясы куәгерлерді іздеп жатыр – видео

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-тармағы " Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті сегіз жылдан он екі жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0