Өңірлер

Түркістан облысы бір айға жуық "жасыл" аймақта: мұның сыры неде

© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды
Түркістанда Керуен-Сарай туристік кешені ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
Бізде халықты вакциналау көрсеткіші өте жоғары. Екіншіден, ешкім ештеңе жасырмайды, деді қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов өңірдің "жасыл" аймақта ұзақ уақыт тұрақтауының "құпиясын" ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Түркістан облысы 15 тамыздан бері коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер мұның сырын сұрады.

"Бұл сұрақ сізді ғана емес, бәрін қызықтырады. Тіпті, министр де үнемі осы сауалды қояды. Біріншіден, бізде халықты вакциналау көрсеткіші өте жоғары. Екіншіден, ешкім ештеңе жасырмайды (вирус жұқтырғандар статистикасын – Sputnik). Комиссия бірнеше рет тексеріс жүргізді, ешкім статистиканы бұрмалаумен айналыспайтыны дәлелденді", - деді Пашимов.

Төртіншіден, оның айтуынша, өңірде халық тығыз қоныстанса да, дені ауылдарда тұрады.

Сондай-ақ санитарлық нормаларды сақтауға баса мән беріледі.

"Әр апта сайын штабтың отырысы өтеді. Бұл мәселемен әкімнің өзі айналысады. Сондықтан біздің "жасыл" аймақта болуымыз біздің ортақ жұмысымыз деп ойлаймын", - деді басқарма басшысы.

Ол күн сайын 3-4 мың ПТР-тест өткізілетінін атап өтті.

Оның ақпаратынша, вакциналау жағынан Түркістан облысы республика бойынша бірінші орында. 937 мың адамның 816 мыңы, яғни, 84,4 пайызы бірінші компонент алса, екінші компонент 663 мың адамға егілген, ол 67 пайызды құрайды.

Вакцина жеткілікті. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп түйіндеді Пашимов.

Жаңалықтар
0