Өңірлер

Алматыда ауруханаға түсетін науқастар саны азайып жатыр

© Sputnik / Георгий Зимарев / Медиабанкке өтуГоспиталь для лечения больных Covid-19
Госпиталь для лечения больных Covid-19 - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
Қалада коронавирус инфекциясының төртінші толқынының бәсеңдеуі 25 тамызда басталды. Ауруханаға түскен науқастардан емделіп шыққандар саны көбейді

АЛМАТЫ, 9 қыркүйек – Sputnik. Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен стационарға жатқызылатын науқастар азайып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, осыдан 10 күн бұрын күніне инфекциялық стационарға 700-ден астам адам жатқызылған. Ал кеше 370 адам ауруханаға түсті, 454 адам емделіп шықты. Ауруханаға түскен науқастардан емделіп шыққандар саны көбейді.

Ал қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қалада коронавирус инфекциясының төртінші толқынының бәсеңдеуі 25 тамызда басталды.

"Коронавирус инфекциясының төртінші толқынының төмендеуі жалғасып жатыр. Алайда осы аптада қалада 900-1 000 адамға дейін тіркелді. Бізде ең көп ауыратын – жастар. Оның ішінде олардың вакцина салдырмағаны алаңдатып отыр. Жаппай жиналатын да жастар, олар инфекцияны отбасы ішінде жақындарына жұқтыруы мүмкін", - деді Жандарбек Бекшин.

Айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы оқушылардың арасында инфекция жұқтырғандар жайлы сұрайтындар жиіледі. Қала бойынша бір аптада инфекция жұқтырғандардың 9%-і – оқушылар.

"Бірінші қыркүйектің алдында бұл көрсеткіш 0,1%-ке дейін жоғары болды. Оқушылар демалыста болған кез бен сабақ басталған кез арасындағы аурушаңдық бірдей болып тұр", - деді Бекшин.

Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, қала стационарларында 3 069 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 110 бала бар.

Айта кетері, қалада коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға қатысты иммундық қабат 46%-ке дейін өсті.

Жаңалықтар
0