09:12 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Әскери бөлімдегі жарылыс (76)
56 0 0

Төтенше жағдайлар туралы заңға сәйкес бірінші кезекте тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым қалпына келтіріледі

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысындағы жарылыстан бүлінген арнайы техника мен автокөліктер құнын өндіріп алу мәселесі әлі шешілген жоқ. Бұл туралы Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил мәлімдеді.

Жергілікті ВТВС паблигінің мәліметінше, зардап шеккен ауданда арнайы техника мен жеке автокөліктердің құны есептеліп жатыр.

"Өтемақы мәселесі әлі шешілген жоқ. Оны қорғаныс министрлігі жүзеге асырады. Бұл мәселе үкіметке жіберілді", - деді әкімнің орынбасары.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаев төтенше жағдайлар туралы заңға сәйкес бірінші кезекте тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым қалпына келтірілетінін айтты.

Жамбыл облысындағы жарылыс

26 тамыз кешкі сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар ауылындағы №28349 әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде өрт шығып, оннан астам жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан облыста 88 адамға медициналық көмек көрсетіліп, кейбірі ауруханаға жатқызылды. Ал жарылыс кезінде үйі қираған тұрғындар Тараз қаласындағы №2 мектеп пен Жамбыл политехникалық колледжінің жатақханасына жайғастырылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Байзақ ауданының ауылдарында әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен 118 жылжымайтын мүлік анықталғанын хабарлады.

Үш елді мекенде 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық нысан жөндеуді қажет етеді, деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

28 тамызда республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық аза тұту күнін жариялады. Ол қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсеткенін және ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Соңғы деректерге сәйкес, Байзақ ауданындағы жарылыс салдарынан 16 адам қайтыс болды.

Тақырып:
Әскери бөлімдегі жарылыс (76)
Загрузка...

Басты тақырып