Өңірлер

Қызылорда облысы экология департаменті басшысының орынбасары ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Ол ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Осы қызметте бұған дейін жұмыс істеген шенеунік те парамен ұсталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған

НҰР -СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда облысы экология департаменті басшысының орынбасары – бас экологиялық инспектордың ұсталғанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік хабарлады.

"Ол ЖШС директорынан кәсіпкерлердің пайдасына және олардың мұнай қалдықтарын өңдеу саласындағы қызметіне қамқорлық көрсеткені үшін бұрын келісілген 100 миллион теңгенің 50 миллион теңгесін пара ретінде алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Шенеунік ұсталып, Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері атап өткендей, осы қызметте бұған дейін жұмыс істеген Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы – экологиялық бас инспектор Әбдіқалықов бір күн бұрын 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

2021 жылы ақпанда ол 30 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды.

Жаңалықтар
0