Өңірлер

Көкшетауда полицейлер хабар-ошарсыз кеткен ер адамның тұрған жерін анықтады

© Sputnik / Абзал КалиевФорма патрульных полицейских
Форма патрульных полицейских  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Жүргізушілердің бірі ер адамды қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына апарған, бірақ ол ғимаратқа кірмеген

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек –  Sputnik. Көкшетауда полицейлер хабар-ошарсыз кеткен мүмкіндігі шектеулі ер адамның тұрған жерін анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Силуэт девушки - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Өңірлер
Петропавлда төрт ай бұрын жоғалған қыздың денесі табылды
3 қыркүйек Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 53 жастағы тұрғынынан өтініш түсті. Әйел сол күні оның 43 жастағы мүгедектігі бар бауыры белгісіз бағытта үйден кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Өтініш беруші туысы қалада өздігінен жүре алмайтындығын және ол жолдың шуынан қорқуы мүмкін екенін түсіндірді.

Алдын ала анықталғандай, жоғалған ер адамды облыстық туберкулезге қарсы диспансер маңында көрген, полиция қызметкерлері кейін өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі ер адамды қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына апарғанын, бірақ ол ғимаратқа кірмегенін анықтаған. Одан әрі жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жоғалып кеткен адамды қала көшелерінің бірінен тауып, оны үйіне жеткізді.

Жаңалықтар
0