НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 7-9 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын болжады.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік өңірлерде ғана күн ашық.
8-9 қыркүйекте түнде Қостанай облысында, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы +5...+10°C, күндіз +14...+22°C, солтүстікте және орталықта түнде +2...+7°C, күндіз +13...+23°C, шығыста түнде +7...+12°C, күндіз +20...+25°C болады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде сынап бағанасы +10...+15°C, күндіз +22...+27°C көрсетеді.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 7 сәуірде күн ашық болады, түнде +15, күндіз +26 градус жылы.
Алматы
- 7 сәуірде күн ашық, түнде +22 градус, күндіз +34 градус ыстық.
Шымкент
- 7 сәуірде күн ашық, түнде +24 градус, күндіз +36 градус ыстық.