Өңірлер

Қазақстанның бірқатар облысында дабылды ескерту жарияланды

© Photo : СС0 / Tobias HämmerАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Ертең, үшінші қыркүйекте бірнеше облыста жел күшейіп, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның төрт өңірінде қатты жел мен бұршаққа байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, 3 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Петропавл қаласында да күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанып отыр. Өңірдің солтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтілуде. Желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды.

Оралда кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қыркүйекте ауа райы қандай болады

Түркістан облысының таулы аудандарында 15-20 м/с жел болжануда. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде шанды дауыл соғады. Облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Жаңалықтар
0